Діни мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған семинар-тренинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ өңірдің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелері үшін «Ақпараттық-түсіндіру жұмысындағы жалпы профилактиканың негізгі мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг аясында республикалық АТТ мүшесі Д.Б.Тойматаев ақпараттық-түсіндіру жұмысында жалпы профилактиканың негізгі мәселелері бойынша тренинг өткізді. Облыстық АТТ мүшесі Р.Ж.Мырзағалиев «Нысаналы топтармен ақпараттық-түсіндіру жұмысының негізгі аспектілері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар коммуникацияның тиімді әдістерін, әртүрлі аудиториялармен жұмыс істеу ерекшеліктерін және профилактикалық қызметтің тиімділігін арттырудың практикалық құралдарын талқылады.

Іс-шара соңында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жұмысының қорытындылары қаралды, интернет-кеңістікте профилактикалық және қарсы насихаттау қызметін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік медиа-жоспардың орындалуы талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/1248129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді