
2025 жыл қорытындысы бойынша e-Qazyna порталында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сомасы 76 млрд теңгеге 785 білім беру объектілері цифрландырылды және қаржыландырылды. 84 млрд теңге болған бастапқы жоспарда бюджет үнемдеуі 8 млрд теңгені құрады, бұл көлеңкелі аймақтар мен қолмен есептеуді алып тастаудың арқасында мүмкін болды. 2026 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде оператор сомасы 100,7 млрд теңгеге 749 білім беру объектілерінің актілерін төлеп, 59,3 млрд теңге үнемдеді. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Бұдан бөлек, жекеменшік мектептерді қаржыландырудың жаңа тетігін енгізумен қатар Ішкі мемлекеттік аудит комитеті алдыңғы кезеңдерге аудит жүргізді, онда 13 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды.
«Бұрынғы жүйеде өңірлердің нақты қажеттілігі ескерілмеген. Жекеменшік мектептердің дамуы жасанды түрде бастауыш буынға қарай бұрмаланған. Нәтижесінде 2024 жылдың өзінде оқушы орындарының тапшылығы жоқ 7 өңірге 1,8 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру өкілеттігі білім басқармаларына берілуіне байланысты, пилоттық жобада оқушы орындарын�
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1249952?lang=ru

Жауап қалдыру