
Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткен “Бірлік” халықаралық жастар лагеріне ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы “Еркіндік рухы” жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Интизора Нусратуллаева қатысты.
Іс-шара барысында жастарға Комиссияның негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары таныстырылып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін нығайту және жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларға атсалысу мәселелері айтылды.
Лагерь қатысушылары Комиссия қызметіне қызығушылық танытып, өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1249111?lang=ru

Жауап қалдыру