“Ислам діні туралы түсінік” тақырыбында кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 “Ислам діні туралы түсінік” тақырыбында кездесу өтті
Тоғызкент ауылдық округінде “Ислам діні туралы түсінік” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Кездесуді ауыл имамы Ж. Қауымбаев жүргізіп, ислам дінінің негізгі құндылықтары, адамгершілік, ізгілік, сабырлылық және қоғамдағы татулықты сақтау мәселелері жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
Жиын барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, діни мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, дәстүрлі діннің маңыздылығы, жат діни ағымдардың алдын алу және жастарға дұрыс діни тәрбие беру мәселелері де сөз болды.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамда рухани құндылықтарды насихаттау және діни тұрақтылықты нығайту.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-togyzkent/press/news/details/1248885?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді