Кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау қаласындағы мейрамханаларда, кафелерде, ойын-сауық және ойын орталықтарында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Іс-шара барысында жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау тәртібі, еңбек шартын жасасу талаптары, жұмыс уақытының ұзақтығы, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейтіні туралы түсіндірілді.

         Сонымен қатар, балалар еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1248575?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді