Кәсіби мерекеге орай салтанатты шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда. Соңғы үлгідегі жабдықтар қойылып, білікті мамандары бар заманауи медицина орталықтары пайда болуда.

    Денсаулық сақтау жүйесі – қоғамның әлеу­меттік өмірінің ең маңызды саласы. Бүгінгі таңда халқымыздың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.

    Өткен аптада Медицина жұмыскері күні кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

    Шараға Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, денсаулық сақтау саласының ардагері, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова, денсаулық сақтау мекемелері мен қала тұрғындары қатысты.

    Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі мен жемісті еңбегі үшін және Медицина жұмыскері күні кәсіби мерекесіне орай бірқатар денсаулық сақтау саласының мамандарын Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады.

    Мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

    Медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз. Қоғамның сый-құрметіне бөленіп, ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1248689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді