Лепсі ауылында жаңа LED экран пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лепсі ауылында заманауи LED экран орнатылып, іске қосылды. Бұл жоба ауыл тұрғындарын маңызды ақпараттармен жедел қамтамасыз етуге, мемлекеттік бағдарламалар, қоғамдық іс-шаралар, спорттық және мәдени жаңалықтар, сондай-ақ мерекелік құттықтауларды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Жаңа LED экран арқылы ауыл өміріндегі өзекті жаңалықтар мен пайдалы ақпараттар тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігі арта түседі. Бұл бастама ауылдың ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға және елді мекеннің заманауи келбетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1248442?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді