МӘЛІМЕТ САҒАТЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⏱️МӘЛІМЕТ САҒАТЫ – “2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысы көлемінде Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу” туралы.
🎙️Бермухамедова Лаззат Габиденовна – Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы.
Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау бойынша мемлекеттік қызметті Департаментке қарасты 9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері (МӘС бөлімдері) көрсетеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2026 жылдың 5 айға облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 103,423 немесе облыс халқы санының 4,8%-ын, ал республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,7%-ын құрайды. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15 471-і (14,9%) – «мүгедектігі бар бала» болса, қалғаны 87 952-і (85,0%) – 18 жастан жоғары ересектер.
2026 жылдың 5 айға барлығы 13 721 адам куәландырылды,
Алғашқы рет куәландыру көрсеткіштері.
2026 жылдың 5 айға
2809 адам (2025 жылы – 2739 адам) алғашқы рет мүгедектігі бар азамат болып танылды.
Ауру санатарына (нозологиясына) бөлсек, ересектер арасында алғаш рет мүгедектігі бар азамат деп танылғандардың арасында:
1-ші орында қан айналымы жүйесінің аурулары – 28,8% (2025 ж.- 30,2%);
2-ші орында қатерлі ісіктер аурулары – 17,1% (2025 ж. – 17,9%);
3-ші орында сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары – 9,7% (2025ж. – 8,7%);
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады:
1-ші нерв жүйесі аурулары – 28,5% (2025 ж.- 26,5%);
2-ші дамудың туа біткен аномалиялары – 19,4% (2025 ж. – 25,1%);
3-ші психикалық және мінез-құлқының бұзылуы – 19,8% (2025 ж.-16,4%).
Қайта куәландыру көрсеткіштері.
2026 жылдың 5 айға барлығы 10867 адам қайта куәландырылды, оның ішінде – 8535 адам мүгедектігі бар азамат деп танылды (2025 жылы 11375 адам куәландырылып 9050 адам мүгедектігі бар азамат деп танылды).
Сырттай куәландыру проактивті мемлекеттік қызмет көрсетудің Түркістан облысы бойынша 2026 жылдың мамыр айына 1152 азаматқа сырттай-проактивті форматта қызмет көрсетілді. Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтің санына шаққанда сырттай куәландыру 46 % құрады. Түркістан облысы бойынша сырттай куәландыру жүргізу бойынша 25 маман қызмет көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1247996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді