«Медиакоммуникациялық алаңның сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 30 маусымында Қордай аумақтық сайлау комиссиясы «Медиакоммуникациялық алаңның сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы рөлі» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – сайлау процесін ақпараттық сүйемелдеу сапасын арттыру, сайлау заңнамасын түсіндіру, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқанын жариялаудағы жауапкершілігін талқылау және ақпараттық кеңістікте ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету.

         Кездесуге Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, «Қордай шамшырағы» газетінің бас редакторы Ш.Сабанова және «korday24 tv» телеарнасының тілшісі А.Құлпыбаева қатысты.

Қатысушылар кездесу барысында сайлау кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, ақпарат таратудағы заң талаптары, кәсіби этика нормалары, жалған ақпараттың алдын алу және ақпараттың шынайылығын тексеру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу аясында бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, сайлау процесін ашық әрі бейтарап жариялаудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңында мұндай кездесулердің ақпараттық мәдениетті арттыруға, сайлау процесінің жариялылығы мен қоғам сенімін нығайтуға ықпал ететіні айтылды.

 

 Қордай аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1250397?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді