
Азаматтарға арналған үкімет «ХҚО» мобильді қосымшасында цифрлық сервистер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын жүргізуші куәліктерін, техпаспортты немесе автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірлерді алу үшін халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталықтарына қайта барудың қажеті жоқ.
Жеткізуді рәсімдеу бірнеше минутты алады. Оны құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі (МТНБ) беруге дайын болғаннан кейін пайдалануға болады. Бұл ретте қызмет тапсырыс рәсімделген елді мекен шегінде жұмыс істейді. Айта кетейік, сағат 17:00-ге дейін рәсімдеген кезде жеткізу сол күні, 17:00-ден кейін – келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
«Бүгінде азаматтар үшін ұтқырлық пен уақытты үнемдеу ерекше маңызды. Сондықтан біз қызметтерді барынша ыңғайлы және артық барусыз алуға мүмкіндік беретін сервистерді дамытудамыз. Дайын құжаттарды жеткізуді іске қосу цифрлық экожүйені дамытудағы заңды қадам болды және күнделікті істерден алаңдамай, уақытты жоспарлауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мемкорпорация Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады:
- «ХҚО» мобильді қосымшасында авторланыңыз, Арнайы ХҚО бөлімінде «Дайын құжаттарды жеткізу» қосымша бетін таңдаңыз;
- Мекенжайды көрсетіңіз және ыңғайлы жеткізу уақытын таңдаңыз;
- Оферта шартымен танысып, тапсырысты растаңыз және төлемді жүргізіңіз.
Осыдан кейін қосымшада жеткізу мәртебесін қадағалап, курьердің деректерін нақты уақыт режимінде көре аласыз.
Айта кетейік, жаңа сервисті енгізу рәсімдерді жеңілдетуге және азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Айта кету керек, «ХҚО» қосымшасында басқа да сервистер мен мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Қосымшаны App Store және Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/1250253?lang=ru

Жауап қалдыру