
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Басши ауылдық округінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Жиынға Кербұлақ ауданының әкімі қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Шара барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы кеңінен насихатталды.
Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін атап өтіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен мақтанышы. Оларды қастерлеу – Отанға деген адалдық пен сүйіспеншіліктің белгісі.
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Көк Туымыз көкте желбіреп, еліміздің мерейі әрдайым үстем болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/1250354?lang=ru

Жауап қалдыру