Мобильдік топ жанұялық-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері және қала бойынша құрылған мобильдік топ мүшелері бірлескен профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Н. Өтегеновтың және Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Н. Есенгуловтың қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша полицияға жүгінген азаматтармен профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, оларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – әрбір отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.

https://www.instagram.com/reel/DZ6hSWgqyYY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді