Өкіл Сараптамалық кеңестің сарапшысымен бірлесіп “Ардагерлер үйі” КММ мониторинг жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2026 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған мандатқа жататын мекемелер мен өзге де ұйымдарға бару жоспарына” сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі өкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің сарапшысы Р. Избаевамен бірлесіп, Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Ардагерлер үйі” КММ барды.

Барудың мақсаты – орталықта қызмет алушылардың құқықтар мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізу.

Мониторинг барысында қызмет алушылардың жатын орындарымен, тақтанумен, медициналық-әлеуметтік қызметтермен және тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ мекеме қызметкерлері көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы зерделенді.

Сонымен қатар, медиажоспардың 4.100-тармағына сәйкес, мекемеде қызмет алушы зейнеткерлерге олардың құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1249115?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді