
Түркістанда “Керуен-Сарай” туристік кешенінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде өтті.
Мәдени шара барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сонымен қатар, қолөнер көрмесі мен этномәдени экспозициялар қойылып, Отырар өңірінің мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуеті көпшілік назарына ұсынылды.
Кешкі уақытта аудан өнерпаздарының және белгілі мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік,«Өнерлі өлке» фестивалі өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлттық өнерді кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1248349?lang=kk

Жауап қалдыру