
Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі тиімді ұсыну мақсатында мекемедегі Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін қашықтықтан рәсімдеу және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында азаматтарға ЭЦҚ кілтін алу тәртібі түсіндіріліп, қажетті құжаттарды рәсімдеу, электрондық өтінім беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу жолдары көрсетілді. Мамандар тұрғындарға электрондық үкімет порталы арқылы түрлі анықтамалар алу, өтініштер жолдау, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметтерге өтінім беру бойынша жан-жақты кеңес берді.
Сонымен қатар азаматтарға цифрлық қызметтердің артықшылықтары түсіндіріліп, уақытты үнемдеу, қағаз құжат айналымын азайту және мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндіктері таныстырылды. Практикалық жұмыстар барысында келушілер өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, электрондық сервистерді пайдалану бойынша қажетті тәжірибе жинақтады.
Мұндай жұмыстар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және электрондық қызметтерді белсенді пайдалануға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1248077?lang=ru

Жауап қалдыру