Отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған «Жас әкелер» форумы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Форумда жауапты әке болудың өзекті мәселелері талқыланды

«Жас әкелер» форумы аясында қоғамдағы әкенің рөлі мен жауапкершілігіне арналған мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайту, саналы әке болуға дайындық және отбасы институтын қолдаудың маңыздылығына тоқталды

Семей қаласының прокуроры Мейржан Төлегенұлы Қалиасқаров өз сөзінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін Халықтық Конституцияда «Заң мен Тәртіп» қағидатының бекітілгеніне тоқталып, қоғамдағы әкенің азаматтық жауапкершілігінің маңызын атап өтті.

Ал «Кітапхан» жобасының резиденті Хамит Сапарбекұлы Ердехан кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың бала тәрбиесіндегі және отбасы институтын нығайтудағы рөліне тоқталып, ата-ананың жеке үлгісі арқылы кітапсүйер ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1250275?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді