
2026 жылғы 11 маусым күні «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясының жабылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын насихаттау, қоршаған ортаны қорғауға қоғамның назарын аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Жабылу салтанаты аясында табиғат жанашырларын марапаттау рәсімі, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар «Алтын-Емел» музейін, 700 жылдық тал ағашын, жұмбақ Қату мен ғажайып Ақтау тауларына танымдық саяхат жасады.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаға жанашырлықты арттырып, табиғи мұрамызды келер ұрпаққа сақтауға үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/1250378?lang=ru

Жауап қалдыру