Қадыр Мырза Әлі атындағы амфитеатрда ұлттық спорт түрлерінен «Бабалар ізімен» облыстық лигасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 
 

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ОБЛЫСТЫҚ ЛИГАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін, Қадыр Мырза Әлі атындағы амфитеатрда ұлттық спорт түрлерінен «Бабалар ізімен» облыстық лигасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Наурыз айынан бастау алған лига ұлттық спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-баба мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілді. Жарыс барысында облыстың қала-аудандарынан келген командалар аударыспақ, көкпар, құнан және топ бәйге, теңге ілу, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресі және арқан тартыс секілді ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.

Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша:
🥇 орын – Сырым ауданы (195 ұпай);
🥈 орын – Қаратөбе ауданы (187 ұпай);
🥉 орын – Ақжайық ауданы (169 ұпай).

«Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасы – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, төл спортымыздың дамуына серпін берген, облысымыздың аудандарынан келген спортшылардың басын қосқан ауқымды жоба болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубок, дипломдарымен, демеушілер атынан ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ұлттық спортымыздың мерейі үстем болып, бабалар аманаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1249800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді