Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е. Ж. Тұяқбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е. Ж. Тұяқбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесуі өтті.

Кездесу Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ғимаратында ұйымдастырылып, өңір тұрғындарын әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Борис Лаврентьев пен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Батпакулова, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Кездесу қорытындысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е. Ж. Тұяқбаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу бағытында жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, әлеуметтік саясаттың тиімді жүзеге асырылуына ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1249179?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді