Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Ш.Қ.Ақпарова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, білім беру саласының өкілдерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Ш.Қ.Ақпарова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, білім беру саласының өкілдерімен кездесті.

Жиында білім беру жүйесін дамытудағы негізгі басымдықтар талқыланды. Атап айтқанда, оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың сыни ойлауын, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту, еңбек нарығындағы өзгерістерге бейім тұлға қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында:

5–9 сыныптарда іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқыту және 8–9 сыныптарға «Қазақстан географиясы» пәнін аптасына екі сағат көлемінде қайта енгізу;

«Адал азамат» бағдарламасы арқылы оқу мен тәрбиені өзара сабақтастырып, «Заң және тәртіп», «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» бастамаларына ерекше көңіл бөлу, 5–9 сыныптарда «Конституция негіздері» және «Заң және тәртіп» курстарын енгізу;

мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау;

жекеменшік балабақшаларға әдістемелік қолдау көрсету және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау;

білім беру үдерісіне жасанды интеллект құралдарын кезең-кезеңімен енгізу;

балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру;

инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бағыттары кеңінен қарастырылды.

Кездесу соңында жеке қабылдау ұйымдастырылып, білім беру саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар, ашық пікір алмасу өтті.

Жиында айтылған бастамалар өңірдегі білім сапасын арттыруға, педагогтерді қолдауға және әрбір оқушының сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1249881?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді