Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында қадағалау органының басшысы: «Прокуратура органдарының басты назарында – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз қорғауға бағытталған бағытын іске асыру тұр», – деп атап өтті.

«Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Жаңа Конституция адам құқықтарының кепілдіктерін едәуір күшейтіп, оларды қорғау тетіктерін кеңейтті.

Прокуратура конституциялық реформалардың негізгі мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосуы тиіс.

Біздің міндетіміз – Конституцияның әрбір қағидаты азаматтардың өмірінде нақты жүзеге асуын қамтамасыз ету және заңның бүкіл қоғам үшін сөзсіз құндылық болып қалуына ықпал ету», – деп атап өтті Берік Асылов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1248504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді