Қосшы қаласы әкімінің халықпен 2026 жылғы 26 маусымдағы кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БЕКІТЕМІН

Қосшы қаласының әкімі

____________ А.Е. Қапышев

 

 

Қосшы қаласы әкімінің халықпен 2026 жылғы 26 маусымдағы кездесуінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

 

(мәдени-спорт кешенінің акт залы)

1

19-шағын ауданның 8-көшесін кәріз жүйесі мен автомобиль жолының құрылысын жобалау жоспарына енгізу мәселесін қарастыру, сондай-ақ көшені жарықтандыру жүйесін қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету.

2026 жылғы 30 тамызға дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

Рахышев С.Т.

2

Мердігер ұйыммен бірлесіп қала аумағындағы жасыл желектердің жай-күйіне тексеру жүргізіп, оларды тиісті күтіп-ұстау, уақтылы суару және сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау.

тұрақты негізде

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

3

№303 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына қалалық емханаға кіріп шығуды көздейтін өзгерістер енгізу және автобус аялдамасын орналастыру мәселесін пысықтау.

2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

Рахышев С.Т.

4

Екі балалар футбол алаңын салуға арналған конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру.

2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

5

«Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ауыз су қысымын тұрақтандыру бойынша қажетті шаралар қабылдау.

2026 жылғы 30 қазанға дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

6

Шырақ көшесіндегі жол құрылысын аяқтау, Мәдениет үйінің маңына жылы аялдама орнату және бағдаршам нысанын орналастыру мүмкіндігін қарастыру.

2026 жылғы 30 тамызға дейін

Сулейменов С.Б.

Рахышев С.Т.

7

Инватакси қызметінің қызмет көрсету аумағын Астана қаласына дейін кеңейту мүмкіндігін қарастыру.

2026 жылғы 1 тамызға дейін

Жумкей Б.

8

«Лесная поляна» тұрғын үй кешенінің орамішілік жолдарының бүлінген учаскелеріне тексеру жүргізіп, оларды   жөндеуді қамтамасыз ету.

2026 жылғы 30 қазанға дейін

Сулейменов С.Б.

Рахышев С.Т.

 

(IT-мектептің акт залы)

9

Есіл көшесі, 5 мекенжайы бойынша тұрғынның өтініші негізінде малды заңсыз ұстау, бордақылау, сою және өткізу фактілеріне, сондай-ақ санитариялық және ветеринариялық талаптардың сақталуына кешенді тексеру жүргізу.

2026 жылғы 30 қазанға дейін

Ибраева А.Б.

Жумкей Б.

Таймасов А.И.

Кожахметов Е.А.

Омаров Ш.Е.

 

10

Тұрғындардың жағымсыз иістің таралуына қатысты өтініштері негізінде «Алтын Таға» кәсіпорнының қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау.

2026 жылғы 30 қазанға дейін

Ибраева А.Б.

Жумкей Б.

Таймасов А.И.

Кожахметов Е.А.

Омаров Ш.Е.

11

Едіге көшесін «Қосшы қаласы көшелерін күрделі жөндеу» жобасына енгізу мәселесін қарастыру, сондай-ақ жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жолға уақытша дресва төсеу мүмкіндігін пысықтау.

2026 жылғы 30 қазанға дейін

Сулейменов С.Б.

Рахышев С.Т.

12

«Нұрай» тұрғын үй кешеніндегі көшелерді жарықтандыру жүйесін қалпына келтіруді және оны қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету.

2026 жылғы 10 шілдеге дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

 

13

Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Қосшы қаласының МИБ-тері үшін ортақ мүлікті басқару және күтіп-ұстау тарифін бекітуді қамтамасыз ету.

2026 жылғы 30 шілдеге дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

 

14

Қоғамдық тәртіптің және абаттандыру қағидалары талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, оның ішінде бейнебақылау жүйелерін пайдалану арқылы ірі көлемді қалдықтарды рұқсатсыз тастау фактілерін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау.

тұрақты негізде

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

Уразбаев Е.К.

15

Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болатын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактикалық жұмысты күшейтіп, қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау.

тұрақты негізде

Уразбаев Е.К.

Джумахметов Г.Н.

16

Прокуратура органдарымен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп жеке секторда және демалыс аймақтарында ауыз суды мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау.

тұрақты негізде

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

Уразбаев Е.К.

Асамбаев В.А.

17

Б. Момышұлы көшесіндегі электрмен жабдықтау желілеріне техникалық тексеру жүргізіп, анықталған ақауларды жоюды және тұрғын үй секторын тұрақты әрі сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.

2026 жылғы 30 тамызға дейін

Сулейменов С.Б.

Әуелбек А.Б.

 

 

Қосшы қаласы

әкімі аппаратының басшысы                                      Н. Мұхаметкалиев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1250041?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді