Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қала тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу тұрғындардың қолайлылығы үшін екі мекенжайда өтті.

Қала әкімі Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымды жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарларды таныстырды.

Қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталуға жақын. Сонымен қатар, электр желілерін жаңғырту, көшелерді жарықтандыру, ауыз сумен қамту жүйесін кеңейту, жол салу және жөндеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Жауапты мамандарға қажетінше тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1248928?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді