ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес заңсыз құрылыс нысандарын анықтау, олардың алдын алу және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды. Мәжілісте аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, бақылауды күшейту және анықталған заң бұзушылықтарды жою бағытындағы жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен жөндеу жұмыстарының орындалу барысы қаралды. Жол инфрақұрылымын дамыту, жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуы жөнінде тиісті ақпараттар ұсынылды.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі D және E санатындағы отбасылар санын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі, халықты жұмыспен қамту және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында бақылауды күшейтіп, нәтижелі жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249381?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді