Құрықта кезекті мониторинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көркейген мекеннің айнасы оның тазалығы мен абаттандырылу деңгейінен көрінетіні анық. Осы орайда, 2026 жылдың 25 маусымында Құрық ауылында тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың маңайын ретке келтіру, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында ауқымды мониторингтік жұмыстар жүргізілді. Арнайы құрылған мониторинг тобының құрамында ауыл әкімдігінің жауапты мамандары, учаскелік полиция инспекторлары және Құрық ауылының қоғамдық көмекшісі болып, бірлескен іс-қимыл танытты.

Тексеріс барысында жұмысшы топ көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын, жеке секторларды және жергілікті шағын және орта бизнес нысандарын аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын түсіндірді.

Түсіндірме жұмыстарының негізгі мақсаты-жаза қолдану емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттыру. Осы бағыттағы насихат шараларымен қатар, белгіленген ережелерді өрескел бұзғандарға қатысты құқықтық шаралар да қабылданды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1248669?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді