Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді
2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Рудный қаласы әкімдігі ғимаратының № 224-кабинетінде Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессия қарауына енгізілген негізгі мәселелер:
- Мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 208 «Рудный қаласын басқару сұлбасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
- Көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару жөніндегі консультациялық-кеңесші ведомствоаралық арнайы комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
- Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның жеке құрамын бекіту туралы.
- Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
Анықтама телефоны 8 (714-31) 3-93-18, 8 (714-31) 4-56-37(қос.1)
Сессияның онлайн көрсетілімін Рудный қалалық мәслихатының Instagram @maslihat.rdn әлеуметтік желісінен көруге болады https://www.instagram.com/p/DaDHSLltGH1/?igsh=MWo3cW9hMzI5dG84Yw==
Сессияның онлайн көрсетілімін Instagram @rudny_official әлеуметтік желісінен көруге болады https://www.instagram.com/rudny_official?upcoming_event_id=18079500068264947
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/1248667?lang=ru

Жауап қалдыру