Сандықтау ауданы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

️Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз қоғам өмірінде айрықша маңызға ие. Кәсібиліктеріңіз, бейтараптықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында тұрғындар ауданымыз бен елімізде болып жатқан маңызды оқиғалар, жетістіктер мен оң өзгерістер туралы шынайы, әрі жедел ақпарат алып келеді.
Ақпарат саласына адал қызмет етіп жүрген барлық журналистерге, редакторларға, тілшілерге, операторларға, сала ардагерлеріне және осы саланың барлық қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Ақиқатқа деген адал ұстанымдарыңыз, кәсіби қағидаттарыңыз бен өз істеріңізге деген беріктіктеріңіз зор құрметке лайық.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылық шабыт, толайым табыс, жаңа қызықты жобалар, оқырмандар мен көрермендердің ыстық ықыласын, Елімізге тыныштық пен өркендеу тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1249242?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді