
Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай мектебімізде танымдық әрі қызықты квест ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынады. Әр бекетте шығармашылық, тапқырлық және топтық жұмыс дағдыларын көрсеткен қатысушылар ерекше белсенділік танытты.
Квесттің басты мақсаты – жазушы мұрасын насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🌟
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250079?lang=ru

Жауап қалдыру