САУРАН АУДАНЫНДА «TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ЖОБАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы өтті. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастырды.
Жобаның негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, лудомания мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңға құрмет қағидаттарын дәріптеу.
Шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Абай Қадыров, Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері, экономикалық тергеу қызметінің капитаны Гүлзия Қарсыбай және Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу, дропперліктің қауіптілігі, банк карталары мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға берудің құқықтық салдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық материалдар таратылды.
Айта кетейік, облыстық жоба бекітілген кестеге сәйкес өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілуде. Аудандық кезең жеңімпаздары 26 маусым күні өтетін финалдық кезеңде облыс үздіктерімен бақ сынайтын болады.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді