Шет ауданы “Сарыарқа-2026” XXXVIII ауыл спартакиадасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шет ауданында 2026 жылғы дәстүрлі аудандық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Жарысқа ауданның 20 ауылдық округінен келген спортшылар қатысып, 11 спорт түрі бойынша бақ сынасты.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:

* 🥇 І орын – Өспен ауылы;
* 🥈 ІІ орын – Ағжал кенті;
* 🥉 ІІІ орын – Ағадыр кенті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапатталып, аудан спортының дамуына қосқан үлестері үшін жоғары бағаланды. Спартакиада бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауылдық округтер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.

Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1249605?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді