
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Шу қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімімен мейрамханада өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Өрт-тактикалық сабақ барысында өрт сөндірушілердің оқиға орнына жедел жетуі, барлау жұмыстарын ұйымдастыруы, күштер мен құралдарды тиімді орналастыруы пысықталды. Сонымен қатар, шартты түрде зардап шеккен адамдарды құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету және қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында өрт сөндіру жетекшісінің өртті басқару, жедел ақпарат алмасу, байланыс жүйесін дұрыс ұйымдастыру және бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша іс-әрекеттері тәжірибе жүзінде тексерілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249243?lang=ru

Жауап қалдыру