
АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі іс-шара биыл да жалғасын тапты. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында ауқымды Future Makers Festival жиыны жастар мен ересектер, спикерлер, жалпы тіл үйренушілердің басын қосты. АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған іс-шара жаңа таныстар, қарым-қатынас және шығармашылық атмосфера қалыптастырушы орта.
Шымкенттегі Америка бұрышы, АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы бірлесе ұйымдастырған фестивальге 250 және одан көп адам тіркелген. Арнайы қонақтар, спикерлер де шақырылыпты. Шымкенттегі Америка бұрышының үйлестірушісі Элина Кадырованың айтуынша, биылғы фестивальдің ауқымы кең. Әдеттегідей, спикерлердің баяндамалары, интерактивті ойындар, шығармашылық көрмелер мен шеберлік сабақтары, ойын-сауық бағдарламалары және көптеген тосынсыйлар көпшілік назарына ұсынылды. Мұның бәрі де АҚШ мәдениетімен жақыннан таныстыратын тақырыптық іс-шаралар. Қала оқушылары, студенттер, ересектер, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Speaking club, интеллектуалды ойындарға белсене қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1249287?lang=kk

Жауап қалдыру