Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамда «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ жазғы кезеңде заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, «Судағы қауіпсіздік» акциясын жүргізді.

Акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Негізгі назар қауіпсіздік талаптарын алдын ала түсіндіру және әсіресе өскелең ұрпақ арасында қайғылы салдардың алдын алу.

Іс-шара барысында 1 мыңнан астам жадынама таратылды.

Жаңа қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдар тұрақты негізде рейдтер өткізеді. Қауіпті аумақтардың жанында 500-ден астам ескерту белгілері анықталды.

Есіл өзенінің жағасын рейдтік бақылау кезінде азамат С-ға комек корсетілді, ол суға түсуге тыйым салынған жерде суға түспек болған.

Облыс прокуратурасы белгіленген тыйымдарды елемеу өмір мен денсаулыққа қауіп төндіріп қана қоймай, заң алдындағы жауапкершілікке де әкеп соғатынын еске салады.

Өңір тұрғындары мен қонақтарын экологиялық талаптарды сақтауға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және қырағы болуға, тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жерлерде жүзуге, сондай-ақ ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз судың жанында қалдырмауға шақырамыз.

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1248997?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді