
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтоғай ауылында «Спорт – салауатты өмір негізі» атты аудандық кіші футболдан турнирі жоғары деңгейде өтті.
Турнирге ауданның әр өңірінен 9 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
🥇 І орын – Жаңатас қаласының «Шоқан» командасы
🥈 ІІ орын – Ақтоғай ауылының командасы
🥉 ІІІ орын – Өндіріс ауылының командасы
Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды:
🏆 Үздік қақпашы – Дүйсенов Жансерік (Жаңатас қаласы)
⚽ Үздік шабуылшы – Серік Нұрдәулет (Жаңатас қаласы)
⭐ Үздік ойыншы – Төрехан Нұрасыл (Өндіріс ауылы)
Аталған турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы күреске қоғам назарын аудару.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1248494?lang=ru

Жауап қалдыру