
Энтеровирустық инфекциялар (ЭВИ) – энтеровирустар тудыратын жіті аурулар тобы. Серозды менингит – энтеровирустық инфекцияның ең таралған түрі. Аурудың өршуі жаз-күз айларында тіркеледі.
Инфекция көзі ауру адамдар және вирус тасымалдаушылар, соның ішінде аурудың симптомдарынсыз ауыратын науқастар болып табылады.
Патогеннің қарқынды бөлінуі аурудың алғашқы күндерінде пайда болады. Вирусты нәжісте, мұрын-жұтқыншақ секрециясында, қанда, зәрде клиникалық белгілер пайда болғанға дейін бірнеше күн бұрын анықтауға болады. Қарағанды облысында эпидемиологиялық маусымның басынан бері қанша адам осы инфекциямен ауырып қалды? Өзіңізді инфекциядан қалай қорғауға болады, Сіз бұл туралы Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Анар Азыханованың қатысуымен түсірілген сюжеттен біле аласыз, толығырақ мына сілтемеден қараңыз:
https://www.youtube.com/watch?v=X0PxEgXrtWY

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1250143?lang=ru

Жауап қалдыру