Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында демалушылармен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертіліп, тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Жауап қалдыру