Табиғатты қорғау – ортақ міндет: Қаратал өзенінің жағалауында экологиялық акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қаратал ауданында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кезекті экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Акцияға Үштөбе орман шаруашылығының Қаратал орманшылығы, Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық инспекциясының Қаратал инспекциясы және Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғат қорғау тобының қызметкерлері қатысты.

Бірлескен шара барысында Қаратал ауданының Алмалы ауылы маңындағы Қаратал өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындар мен демалушыларға табиғатты қорғау, су айдындарын ластамау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай акциялардың негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғи аумақтардың тазалығын сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1248593?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді