Тараз қаласында судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Талас өзені бойында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Талас өзені маңында белгіленбеген жерде суға түсу фактілері анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша 1995 жылы туған және 2002 жылы туған азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 15 137 теңге көлемінде айыппұл салынды. Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге шақырады.  Судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249257?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді