Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, терезелерге арнайы блокираторлар орнатылды. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жауап қалдыру