Түсіндірме жұмыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.А. Илимжанова «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК басшылығы және дәрігерлік-консультациялық комиссия мүшелерімен семинар-кеңес өткізді.
Департамент басшысы қатысушыларды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптарымен таныстырды.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (№031/е нысаны) құжаттарын көзбе-көз және сырттай проактивті форматтарда сапалы толтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес және жалған құжаттардың ұсынылуына жол бермеу қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар қатысушыларға Кербұлақ ауданы және жалпы Жетісу облысы бойынша мүгедектік көрсеткіштерінің статистикалық мәліметтері жеткізілді. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 15-қосымшасының талаптарын, атап айтқанда сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесін қатаң сақтау қажеттігі және сырттай проактивті куәландыру бойынша 45% мақсатты көрсеткішке қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдау керектігі айтылды. Семинар-кеңестің соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1247955?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді