Түсіндірме жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 мамырда департамент басшысы                                                   З.А. Илимжановамен және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Д.М. Жолтаевамен мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін қайта қабылданған қызметкер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Д.Н.Ниязовпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында келесі мәселелер жан-жақты түсіндірілді:

1)     сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте

болуға байланысты шектеулерді сақтау:

  • педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу;
  • кәсiпкерлiк қызметпен айналысу;
  • өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу;
  • өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану;
  • ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу;
  • лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану;

2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп стандарттарын сақтау;

3) мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша  оқыту жұмыстарын  ұйымдастыру.

Департаменттің жаңадан қабылданған қызметкеріне департаменттің қоғамдық өіміріне (спорттық және шығармашылық жарыстарға, Қазақстан Республикасы Мелеккеттік істері агенттігі өткізетін конкурстарға және басқа да іс-шараларға) белсене қатысу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1249946?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді