Тұрақты комиссия отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 маусымда Курчатов қалалық мәслихатының бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимде болып өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы Г.М. Хусайнова, Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Бейсембаев Е.С. қатысты.

Комиссия отырысында «Жастар», «Буратино» саябақтарын, мешіт аумағын, Абай алаңын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» Е. Бейсембаевтың ақпараты тыңдалды.
Комиссия отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жас ағаштардың жерсінуін сақтау, құрғақ жерлерде автоматты тамшылатып суару жүйесін орнату мәселесін қарастыру, сондай-ақ ағаш бұтақтарын және қураған ағаштарды уақытылы кесу бойынша ұсынымдар берді.

 

Курчатов қалалық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1249900?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді