
«Ұлы дала» шағын ауданындағы қоқыс мәселесі шешімін тапты
Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданы, №52 тұрғын үйдің маңында жиналған қоқыс толық тазартылды.
Тұрғындардың өтініші мен шағымынан кейін «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары арнайы техниканың көмегімен аумақты қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды тиісті орынға шығарды.
Аталған жұмыстар тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Қала тазалығын сақтау бағытындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1248913?lang=kk

Жауап қалдыру