Ырғыз ауданында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз балық аулаған 6 адам ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз балық аулау дерегінің жолын кесті.
Ырғыз ауылынан 75 шақырым жерде орналасқан, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын «Айкөл» көлінде заңсыз балық аулап жүрген алты жергілікті тұрғын ұсталды.
Оқиға орнын қарау барысында «УАЗ», ВАЗ-2107 және «УАЗ Патриот» автокөліктері, ұзындығы 100 метрден болатын екі балық аулау торы, екі үрлемелі резеңке қайық, сондай-ақ сазан және шортан тұқымдас балықтар салынған 17 қап тәркіленді.
Тәркіленген автокөліктер аудандық полиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі уәкілетті органның қорытындысымен айқындалатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1249993?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді