«Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 маусым күні Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округінде «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.
Жиын барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, заң талаптарын сақтау – қоғам тұрақтылығының басты кепілі екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/1250395?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді