
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге еңбек нарығына бейімделуге және алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кімдер қатыса алады:
✅Жұмыссыз түлектер (жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім).
✅Оқуды аяқтағанына 3 жылдан аспағандар.
✅35 жасқа дейінгі азаматтар.
Шарттары:
– Ұзақтығы – 12 айға дейін.
– Еңбекақы – бюджет есебінен (30 АЕК немесе 129 750 теңге).
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 279 адам жастар тәжірибесіне жолданды. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталықтарына хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1249641?lang=ru

Жауап қалдыру