ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНАЙЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаментте мемлекеттік қызметшілердің іскерлік әдеп нормаларын сақтау, ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Қызылорда облысының дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, теолог Оспанов Бақтияр қазіргі қоғамдағы дін мәселелері оның ішінде діни ағымдар туралы ақпараттар ұсынып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі жат ағымнан сақтану жолдары, осындай ағымдардың ықпалына түспеудің алдын алу мен профилактикалық жұмыстарды жүргізудің тиімді тәсілдері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1249301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді