
Прокуратураның тексеру қорытындысы бойынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін жеке көмекшілердің негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жиынтық жұмыспен қамтылу ұзақтығын негізсіз арттыру фактісі анықталды.
Жүргізілген талдау барысында жеке көмекшілердің негізгі жұмыс орны бойынша еңбек қызметін жүзеге асыра отырып, көрсетілген қызметтер актілерін күніне 8 сағат көлемінде рәсімдеу фактілері анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, негізгі жұмыс орны және қоса атқаратын жұмыс бойынша жұмыстың жалпы ұзақтығы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан, яғни 4 сағаттан артық аспауға тиіс.
Тексеріс қорытындысы бойынша жұмыс істейтін жеке көмекшілер жұмыс уақыты ұзақтығының нормасын асырып жіберген, бұл бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқтырған.
Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мақсатында, жұмыс істейтін жеке көмекшілер көрсетілген қызметтер актілерін нақты атқарылған уақыты үшін тапсыруы қажет. Бұл көрсетілген қызметтер актілерін ресми жабуды болдырмауға және бюджетке артық төленген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/1250364?lang=ru

Жауап қалдыру