
Тасқала ауданының Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының түлегі, «Алтын белгі» иегері Жұмабай Арнұр Ұлттық бірыңғай тестілеуде 138 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті.
Бұл жетістік – білімге деген құштарлықтың, табандылықтың және мақсатқа адалдықтың нәтижесі. Арнұр оқу жылдары бойы үздік көрсеткіштерімен дараланып, бүгін сол еңбегінің лайықты жемісін көріп отыр.
Жас түлектің жетістігі – оның өз еңбегімен қатар, кәсіби бағыт-бағдар берген ұстаздарының және әрдайым қолдау көрсеткен ата-анасының ортақ жеңісі.
Арнұрды жарқын жетістігімен құттықтай отырып, алдағы білім жолында толайым табыс, дұрыс таңдау, жаңа мүмкіндіктер мен асқақ армандардың орындалуын тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1251945?lang=kk

Жауап қалдыру