«БЕКІТЕМІН
Жаңаарқа ауданының әкімі __________Қ.Ш.Қожықаев
2026 жылғы «___» ________
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтүбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген сұрақтары мен ұсыныстары бойынша іс-шаралар жоспары
|
№ |
Аты-жөні, мекен-жайы
|
Көтерген сұрақтары мен ұсыныстары |
Орындалысы |
Жауапты (аты-жөні, лауазымы) |
Орындалу мерзімі |
|
1 |
Текебаев Тұңғыш – Ақтүбек ауылдық округі, Ақтүбек ауылының тұрғыны |
1.Әлмен шабындығының конкурсы қай уақытта өтеді? |
Бақылауда: Әлмен шабындығының құжаттарын дайындап алып, конкурсты қыркүйек айында шығарамыз деп жоспарланып отырмыз. |
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы – Құрмашев Айдын Қайруллаұлы |
30.09.2026 |
|
2.Жарық сөнген кезде судың генераторы автоматты түрде қосылу керек, осыны қолға алсаңыз. |
Бақылауда: Сіздің өтінішіңіз бойынша электр қуаты өшкен кезде су генераторының автоматты түрде қосылуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Мәселе бақылауға алынып, орындалу барысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады. |
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы – Жұмақұл Есіл Мамыратұлы |
06.07.2026 |
||
|
2 |
Танауов Берік – Ақтүбек ауылдық округі, Ақтүбек ауылының тұрғыны. |
1. Жол бойындағы медициналық-құтқару пункті жабылады екен, алып қалуды қолға алсаңыз. |
Бақылауда: Сіздің айтып отырған мәселеңіз өте орынды. Бұл мәселені біз білеміз, біздің құзыретімізде болмағандықтан аталған медициналық-құтқару пунктісін қалдыру бойынша тиісті департаментке қатынас хат жолдаған болатынбыз. Алдағы уақытта бұл мәселені бақылауға алатын боламыз. |
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Қазбеков Арман Қазбекұлы
Ақтүбек ауылдық округінің әкімі – Бөгенбаев Жангелді Тілектесұлы |
06.07.2026 |
|
2.Ауылға тартылып жатқан әлектр желілерінің құрылыс жұмыстары тоқтап тұр, қандай себепті?
|
Бақылауда: 2025 жылы басталған ауылдың әлектр желілерінің құрылысы жобасына 1 млрд. теңгеден астам қаражат қажет екендігін білесіздер. Былтыр біраз қаражат бөлінді, биыл аталған жобаны толық аяқтау үшін 439,3 млн. теңге қажет. Осы қаражат бөлінген жағдайда тиісті жөндеу жұмыстары басталатын болады. |
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы – Жұмақұл Есіл Мамыратұлы |
30.09.2026 |
||
|
3.Ескі бағаналарды Әлменді қоршауға алсақ деген ойымыз бар
|
Бақылауда: Ескі бағаналар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тенгерімінде, бұл бағаналарды есептеп комиссия акт жасасын. Содан кейін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сіздің мәселеңізді қарастырайық. |
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы – Жұмақұл Есіл Мамыратұлы |
06.07.2026 |
||
|
3 |
Кенжебаев Мухамет – Ақтүбек ауылдық округі, Ақтүбек ауылының тұрғыны. |
1.Ауылдан 9 шақырым жерде су линиясы жарылып, су жіберіп жатыр. Жөндеу жұмыстарын қажет етеді, осы мәселені қарастырсаңыздар. |
Бақылауда: Көтерілген мәселеңіз назарға алынды, су құбыры желісінде орын алған ақау бойынша тиісті мекемеге хабар беріліп, мамандар тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып, мәселе бақылауға алынады. |
Аудандық «Таза су» КМК – нің директоры Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы |
06.07.2026 |
|
4 |
Пазылов Ержігіт – Ақтүбек ауылдық округі, Ақтүбек ауылының тұрғыны. |
1.Әлмен шабындығының конкурс құжаттарында өзгеріс болды ма? |
Түсіндірілді: Қазіргі уақытта Әлмен шабындығына қатысты конкурс құжаттарына өзгерістер енгізілген жоқ. Конкурс қолданыстағы құжаттар негізінде жүргізілуде. |
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құрмашев Айдын Қайруллаұлы |
Кездесу барысында түсіндірілді |
|
5 |
Есжанов Бақтыбай – Ақтүбек ауылдық округі, Ақтүбек ауылының тұрғыны. |
1. Ескі ауылдың өтетін жерінде жолдың ортасында жол көлігі өте көп болады сол жерге камера қойса. |
Бақылауда: Ескі ауылға өтетін жол учаскесіндегі көлік қозғалысының қарқындылығы мен жол қауіпсіздігі жағдайы тиісті уәкілетті органдармен бірлесіп зерделенуді қажет етеді. Зерделеу нәтижесіне сәйкес аталған жерге бейнебақылау камерасын орнату заңды болған жағдайда орнату жолдарын қарастыратын боламыз.. |
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы – Жұмақұл Есіл Мамыратұлы
Ақтүбек ауылдық округінің әкімі – Бөгенбаев Жангелді Тілектесұлы |
06.07.2026 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/press/news/details/1252644?lang=kk

Жауап қалдыру